Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi (2019.11.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 236 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2-1) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 236 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен; 2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 147), 148), 149), 150), 151) және 152) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.03. № 236 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы
ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.24.12. № 872 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым және балалардың құқықтарын қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті; 3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті. 4) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. ҚР Үкіметінің 2017.10.02. № 49 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы: ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. 1) білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; 2) ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; 4) ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 5) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2013.14.09. № 958 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.08.11. № 1171 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.02. № 101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.09.06. № 425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.12.05. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.31.08. № 507 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.18.10. № 594 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.10.02. № 49 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.26.10. № 684 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.24.12. № 872 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.13.06. № 399 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.03.09. № 653 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді 16. Функциялары: орталық аппараттың функциялары: 1) білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету; 1-1) білім беру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру; 2) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асыру, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету; 2-1) білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу және бекіту; 2-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту; 3) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру; 4) ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету; 5-1) - 5-4) ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5-5) білім беру мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру; 5-6) білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру; 5-7) ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) баланың негізгі құқықтарын іске асыру жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу; 6-1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 7) білім беру, сондай-ақ ғылыми қызмет саласында шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою; білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын белгілеу және осы жұмысты үйлестіру; 8) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілеу және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру; 9) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерін, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту; 9-1) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу; 9-2) «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту; 10) ҚР Үкіметінің 2016.12.05. № 288 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру; 13) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз ету; 14-1) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережелерін бекіту; 14-2) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 15) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту; 16) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту; 16-1) тиісті үлгілердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту; 17) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптер мен мамандықтардың тізбелерін қалыптастыру және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту; 17-1) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын әзірлеу және бекіту; 18) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындау; 19) орта білім беретін республикалық ұйымдарды, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету; 20) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастыру және бекiту; 21) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын әзірлеу және бекіту; 22) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асыру және оны жүргізуді үйлестіру, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 23) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 24) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекiту әрі осы жұмысты ұйымдастыру; 25) жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендердiң, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тiзбесiн бекіту; 25-1) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру; 26) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру; 27) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 28) жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастыру және бекіту; 29) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiту; 30) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту; 31) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 32) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара); 33) педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидаларын бекіту; 34) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 35) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту; 36) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 37) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін әзірлеу, бекіту және белгілеу; 38) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 39) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 39-1) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған шығыстарды қаржыландыру нормативтерін және оларды жоспарлау әдістемесін әзірлеу және бекіту; 39-2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту; 39-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 40) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекіту; 40-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 40-2) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту және орналастыру; 40-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту; 41) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту; 42) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 43) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлеу және бекiту, олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру; 44) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу және бекіту, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындау, білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту; 44-1) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындау және бекіту; 45) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 46) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 47) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 48) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 49) бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту; 50) - 50-4) ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 51) арнаулы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін белгілеу, арнаулы білім алуға мұқтаж адамдар үшін білім беру ұйымдарында қажетті орын санын айқындау; 52) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандырылуы мен қамтамасыз етілуіне қойылатын ең төменгі міндетті талаптарды белгілеу; 53) барлық білім беру ұйымдары үшін арнаулы білім беру шарттарының бірыңғай қағидаттары мен нормативтерін айқындау; 54) мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын арнаулы сыныптардың (топтардың) шекті толымдылығын айқындау; 55) білім алушыларды аттестаттау әдістемесін айқындау; 56) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың халықаралық ынтымақтастық ісіндегі қызметін үйлестіру; 56-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту; 57) ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 58) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібін белгілеу; 59) мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту; 60) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту; 60-1) дәрежелер беру тәртібін бекіту; 61) ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру тәртібін бекіту; 61-1) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту; 61-2) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлеу және бекіту; 61-3) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту; 61-4) ауа райы қолайсыз метео жағдайларда орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-5) сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін әзірлеу және бекіту, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту; 61-6) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлеу және бекіту; 61-7) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-8) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту; 61-9) білім беру ұйымдарын бағалау өлшем шарттарын әзірлеу және бекіту; 61-10) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту; 61-11) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-12) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-13) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту; 61-14) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-15) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту; 61-16) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-17) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту; |