Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көкшетау орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Биологиялық әртүрлiлiктi және гендiк қорды сақтау, сондай-ақ табиғатты қорғау мақсатында өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн қорғауды, тұрақты пайдалануды, молықтыруды және қолдан өсiрудi қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің нысанасы болып айқындалсын. 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|