Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 106 бұйрығына 1-қосымша
Акционерлік қоғамның үлгілік жарғысы (2020.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2020.30.09. № 436 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ереже
1. ________________________________________________________________________________________________________ (атауы - өтініште көрсетіледі) акционерлік қоғамның (бұдан әрі - қоғам) осы жарғысы оның атауын, тұрғылықты орнын, оның органдарының құрылу тәртібі мен құзыретін, қайта құрылу және қызметін тоқтату жағдайын және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да ережелерін айқындайды. 2. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заңды тұлға болып табылады, жеке балансы, банкте есеп-шоты болады, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды іске асыруға, міндеттер алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. 3. Қоғамның өз атауы бар бланкілері өз қызметін атқару үшін қажетті басқа да реквизиттері болады. 4. Қоғам өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясының, Азаматтық кодексін, «Акционерлік қоғам туралы» Заңы (бұдан әрi - Заң), басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және де осы Жарғыны басшылыққа алады. 5. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы. 6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте қоғам оның тұрғылықты жерінен тыс жерлерде орналасқан, қоғамның атынан және тапсырмасымен олар туралы ереже негізінде әрекет ететін, заңды тұлға болып табылмайтын филиалдар (өкілдіктер) құруға құқылы.
ҚР Әділет министрінің 2020.30.09. № 436 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|