|
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 112 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 23 қазандағы № 112 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11854 болып тіркелген). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|