«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 554 бұйрығының; 2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылдың 5 қазандағы № 554 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 15 бұйрығымен бекітілген Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|