Глубокое ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэфициенттерін бекіту туралы (2023.01.01. берілген өзгерістермен)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы(Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 529- бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ақпараттар мен коммуникациялар Министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген) сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Глубокое ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін. 2. «Глубокое ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэфициенттерін бекіту туралы»Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 571 және «Глубокое ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэфициенттерін бекіту туралы» Глубокое ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 571 қаулысына өзгерістер енгізу» 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 128 қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. «Глубокое ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|