ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.02. № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 5-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен күші жойылды
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің (2020.21.02. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Білім беру бағдарламасының паспорты
1. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі - ТжКБ) үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді. 2. ТжКБ ұйымдарында мамандарды даярлау медициналық индустрияны білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. 3. Білім беру бағдарламасында: 1) теориялық және тәжірибелік сабақтар, оның ішінде міндетті пәндер мен пәндерді зерттеу, білім беру ұйымымен, қосымша сабақ және кеңес; 2) кәсіптік оқыту және кәсіптік практика; 3) аралық және қорытынды аттестация. Білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын маманы деңгейлері үшін оқытудың кредиттік технологиясы кезіндегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы бағдарламаға 2-17 қосымшаларға сәйкес тиісті мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады. Циклдер мен пәндерді оқу тәртібін ТжКБ ұйымы дербес анықтайды. 4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тиісті мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарымен айқындалатын бақылаудың және аттестаттаудың әртүрлі нысандарымен жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|