2022-2024 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 10/84 шешімі (2022.15.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ: Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2022.31.03. № 12/104 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 12/107 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 41 182 341,3 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 29 348 479,5 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 111 870,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 6 131 771,8 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша – 5 590 220,0 мың теңге; 2) шығындар – 37 171 098,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 674 879,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 1 787 139,0мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 112 260,0 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде: қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 2 336 364,3 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -2 336 364,3 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі – 1 787 139,0 мың теңге; қарыздарды өтеу – 4 903 297,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 779 793,7 мың теңге 2. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленгені ескерілсін: ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы – 13 пайыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|