Ғылым мен технологияның ең өзекті мәселелері бойынша сараптамалық-талдамалық материалдарды ұсынудың құрылымы, форматы мен тақырыбын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 15-тармағының 115-1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмасының 6.3-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Ғылым мен технологияның ең өзекті мәселелері бойынша сараптамалық-талдамалық материалдарды ұсынудың құрылымы мен форматы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін; 2. Ғылым мен технологияның ең өзекті мәселелері бойынша сараптамалық-талдамалық материалдардың тақырыбы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін; 3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 558 бұйрығына 1-қосымша
Ғылым мен технологияның ең өзекті мәселелері бойынша сараптамалық-талдамалық материалдарды ұсынудың құрылымы мен форматы
Сараптамалық-талдамалық материал келесі өлшемшарттарға сәйкес болуы керек: 1) талдау шеңбері қазақстандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып айқындалуы керек; 2) құжат бар проблемаларды талқылауға және олардың себептерін анықтауға бағытталуы қажет; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|