Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларын бекіту туралы
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелістікті қорғау және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 14 маусымдағы № 339 бұйрықпен бекітілген
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидалары «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|