«Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Астана қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 590 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Астана қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 590 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы»; 1, 2, 3, 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін. 2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кешенді жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Кешенді жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруды және олардың орындалуы туралы ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р. В. Склярға жүктелсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|