Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы (2019.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2019.31.12. № 1052 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2019.31.12. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2019.31.12. № 1052 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кешенді жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2019.31.12. № 1052 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Кешенді жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруды және олардың орындалуы туралы ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей ұсынуды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2019.31.12. № 1052 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2019.31.12. № 1052 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р. В. Склярға жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|