Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы
Осы редакция 2019 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа түсіндірмені қараңыз
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері: 1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын; 2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуін қамтамасыз етсін. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы мамырдың 30-ы.
№ 577
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі ТҰЖЫРЫМДАМА
Астана, 2013 жыл
Мазмұны
І. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі пайым 2. Тұжырымдаманы қабылдау қажеттігінің негіздемесі ІІ. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі қағидаттар мен жалпы тәсілдер 1. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі қағидаттар 2. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі жалпы тәсілдер 2.3. Инвестицияларға қажеттілік 3. Секторлар бойынша «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі жалпы тәсілдер Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|