2018-2020 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы (2018.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихат ШЕШТІ: Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018.09.04. № 1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.27.08. № 2 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Сәйкесінше 1, 2, 3-қосымшаларға 2018-2020 жылдарға, соның ішінде 2018 жылға арналған Петропавл қаласының бюджетi келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 30 559 548,1 мың теңге: салықтық түсімдер - 12 875 166,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 87 254,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 353 765,5 мың теңге; трансферттер түсімі - 14 243 362,6 мың теңге; 2) шығындар - 33 837 803,5 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 90 000,0 мың теңге: қаржы активтерін сатып алу - 90 000,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті)- -3 368 255,4 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 368 255,4 мың теңге: қарыздар түсімі - 6 831 260,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 4 133 190,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 670 185,4 мың теңге. 2. 2018 жылға арналған қала бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптасады деп анықталсын: 1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салықтан; 2) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|