Нұр-Сұлтан қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 333/42-VI шешімі
(2019.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019.30.05. № 384/50-VI шешімімен атауында және барлық мәтін бойынша «Астана» сөзiн «Нұр-Сұлтан» сөзіне ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Астана қаласы мәслихатының 2019.06.03. № 354/45-VI шешімімен (бұр.ред.қара); Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019.30.05. № 384/50-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.23.08. № 414/54-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.15.11. № 449/57-VI шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Нұр-Сұлтан қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 444 206 391 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 262 146 677 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 9 052 960 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 12 293 144 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 160 713 160 мың теңге;
2) шығындар - 416 639 261,9 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 8 649 766 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер - 10 767 652 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 117 886 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 22 514 398 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 22 514 398 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 645 000;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (-3 597 034,9) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 597 034,9 мың теңге;
7) қарыздар түсімдері - 19 967 652,0 мың теңге;
8) қарыздарды өтеу - (-21 040 107,0) мың теңге.