Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № С-20/4 шешімі
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/7 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін. 2. Күші жойылды деп танылсын: 1) Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5372 тіркелген, 2016 жылғы 30 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|