Базарлар қызметінің ашықтығын арттыру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасы) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 295-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 23-41-9.106 тапсырмасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Базарлар қызметінің ашықтығын арттыру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін. 2. Жол картасының орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, мүдделі ұйымдар (келісім бойынша): 1) Жол картасын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын; 2) ай сайын айдың 25 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын; 3) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынылсын; 4) жартыжылдық және жылдық қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 15 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жартыжылдықтың және жылдық қорытындылар бойынша есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 25 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
БЕКІТЕМІН Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі С.М. Жұманғарин 2023 жылғы 25 шілдедегі № 295-НҚ бұйрығы
БАЗАРЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ АШЫҚТЫҒЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ (ЖОЛ КАРТАСЫ)
Құжаттың түрі: Жоспар (жол картасы) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|