«Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізу үшін жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру жүргізу үшін жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;»; мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: 6) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру жүргізу үшін аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;»; осы бірлескен бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес бірлескен бұйрыққа 1, 4 және 5-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын; осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бірлескен бұйрыққа 6-қосымшамен толықтырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|