«Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18006 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 347-НҚ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына 1-қосымша
Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|