Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы (2021.23.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға шекті бағаларды белгілеу тәртібінің 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары (бұдан әрі - шекті бағалар) белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар аумағында осындай өткізу жүзеге асырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бойынша мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) апта сайын, аптаның әрбір бейсенбісінен кешіктірмей ұсынсын. 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары апта сайын жұма күндері осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне ұсынсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|