Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен күші жойылды
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi. ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің м.а. 2019.08.11. № 540 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету мерзiмi: лицензия беру кезiнде - 15 (он бес) жұмыс күнi; лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде - 3 (үш) жұмыс күнi; лицензияның телнұсқасын беру кезiнде - 2 (екi) жұмыс күнi; Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|