«Бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 94 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15661 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы»; 1-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерінің тізбесі;»; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Сатып алу шартының талаптарын орындауды бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі есеп» нысаны;»; 16), 17), 18), 19) мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын: «16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған қаражат бойынша бухгалтерлік баланс» нысаны; 17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің кірістері мен шығыстары туралы есеп» нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|