Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» заңдарына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11245 тіркелген) сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 10 маусым № 48/02 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|