Осы редакция 2019 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығына 7-қосымша
«Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) әзірленді. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру: 1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жеке және заңды тұлғамен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. 2) портал арқылы құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 1) қорғау құжатын беру кезінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|