Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларын және оған қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 368 бұйрығына 1-қосымша
Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|