«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«2019 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 920 қаулысына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «Ресурстар» деген 6-бөлім осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 624 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|