ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне: 1) 10-баптың екінші бөлігіндегі «, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы» деген сөздер «немесе бас бостандығынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 11-баптың бесінші бөлігіндегі «, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы» деген сөздер «немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 40-баптың екінші бөлігінің 4) тармағындағы «бостандығынан айыру;» деген сөздер «бостандығынан айыру қолданылуы мүмкін.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармағы алып тасталсын; 4) 46-бапта: үшінші бөліктің төртінші сөйлеміндегі «47-бабының бесінші бөлігінде,» деген сөздер алып тасталсын; төртінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «– аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде» деген сөздер «аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 47-бап алып тасталсын; 6) 56-баптың төртінші бөлігіндегі «өлiм жазасы мен өмір бойына бас бостандығынан айыру» деген сөздер «өмір бойына бас бостандығынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 58-баптың төртінші бөлігінің үшінші абзацындағы және 60-баптың үшінші бөлігінің үшінші сөйлеміндегі «немесе өлім жазасы», «немесе тиісінше өлім жазасы» деген сөздер алып тасталсын; 8) 71-баптың бесінші бөлігінде: бірінші сөйлемдегі «өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру» деген сөздер «өмір бойына бас бостандығынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлемдегі «өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылады, ал» деген сөздер алып тасталсын; 9) 72-баптың сегізінші бөлігінің 1) тармағы «тәртібімен» деген сөзден кейін «не өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты» деген сөздермен толықтырылсын; 10) 77-баптың бесінші бөлігінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|