Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Б. Мусин): 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернетресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранетпорталында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вицеминистрі С.С. Сарсеновке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 472 бұйрығымен бекітілген
Бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидаларда келесі негізгі түсініктер мен қысқартулар қолданылады: 1) композиттік қызмет - бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|