Елді мекендердегі жылумен жабдықтау саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жылу желілері туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Елді мекендерде жылумен жабдықтау туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Бір объектіден үш объектіге дейін жылумен жабдықтауды қамтамасыз ететін дербес қазандықтар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № 79 бұйрығына қосымша
«Жылу желілері туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|