2023 жылға Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мүгедектігі бар адамдар мен азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Теміртау қаласындағы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндегі ұйымдары жұмыскерлерінің жалпы тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін. 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндегі ұйымдары жұмыскерлерінің жалпы тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін. 3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндегі ұйымдары жұмыскерлерінің жалпы тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін. 4. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындар санының екі пайызынан төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін. 5. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|