Қостанай қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы
Осы редакция 2022 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қостанай қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 70288333,0 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсімдер бойынша – 44266862,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 93661,0 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 7275245,0 мың теңге; трансферттер түсімі бойынша – 18652565,0 мың теңге; 2) шығындар – 70700683,0 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – 276199,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2488788,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2624939,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2624939,0 мың теңге. 2. 2022 жылға арналған қала бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 20922381,0 мың теңге сомасында белгіленсін. 3. 2022 жылға арналған қала бюджетіне облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 0 теңгені құрайтыны ескерілсін. 4. 2021 жылға арналған қалалық бюджетте ағымдағы нысаналы трансферттер түсімінің көзделгені ескерілсін, оның ішінде: мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге 174130,0 мың теңге сомасында; азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің жекелеген санаттарының еңбек ақысын арттыруға 159394,0 мың теңге сомасында; мәдениет ұйымдарында ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге 71316,0 мың теңге сомасында; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|