Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 2. «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Алматы облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Т. Бектасовқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 35 қаулысынақосымша
Алматы облысы әкімдігінің күштері жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1. Алматы облысы әкімдігінің «Білім саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 17 шілдедегі № 258 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2821 тіркелген, 2014 жылдың 26 қыркүйегінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы. 2. Алматы облысы әкімдігінің «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3344 тіркелген, 2015 жылдың 27 қазанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|