Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ақжартас ауылы аумағында сұралып отырған жер учаскесі тұстамасындағы Балабай бұлағы мен атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ақжартас ауылы аумағында 05-079-017 есеп кварталы (Ақжартас ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8,0 км) сұралып отырған жер учаскесі тұстамасындағы Балабай бұлағы мен атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері; 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ақжартас ауылы аумағында 05-079-017 есеп кварталы (Ақжартас ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8,0 км) сұралып отырған жер учаскесі тұстамасындағы Балабай бұлағы мен атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|