«Банктік қарыз шартын жасасу тәртібін, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу графигінің нысандарын және қарыз Алушыға - жеке тұлғаға арналған жадынамаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Банктік қарыз шартын жасасу тәртібін, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу графигінің нысандарын және қарыз Алушыға - жеке тұлғаға арналған жадынамаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Банктік қарыз шартын жасасу қағидаларын, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы - жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктік қарыз шартын жасасу қағидалары; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қарызды өтеу кестесінің нысаны; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қарыз алушы - жеке тұлғаға арналған жадынама нысаны бекітілсін.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|