Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары үшін тиісті көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы (2018.29.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріп отырған: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің заттай нормалары; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі үшін тиісті арнайы көлік құралдардың заттай нормалары; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің заттай нормалары бекітілсін. 2. Қызметтік және кезекші автомобильдерді пайдалану «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» және «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемелерінің басшысыларының бұйрығымен бекітілген тәртіппен, белгіленген жүріс лимиті шегінде жүзеге асырылады. Кезекші автомобиль - жеңіл автомобиль немесе микроавтобус, немесе автобус соттар және құқық қорғау арнайы органдармен әрекеттестікке және қаржы-шаруашылық қызметке көліктік қызмет көрсетуге арналған. Арнайы көлік - тек сот сарапшыларының оқиға орнын қарау және сараптама жүргізу, сондай-ақ, зерттеу объектілерінің сақталу орнын қарауға жедел шығыуы үшін бағытталған, зертханалық аспаптар және құрылғылармен жарақтандырылған жылжымалы зертхана. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|