2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Осы редакция 2022 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 2 910 430,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер –241 537,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 13 942,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -90 793,0 мың теңге; трансферттер түсімі – 2 564 158,0 мың теңге; 2) шығындар – 2 910 530,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 25 393,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 64 323,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 38 930,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – (-100,0) мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 100,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 25 393,0) мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 25 393,0 мың теңге: қарыздар түсімі – 64 323,0 мың теңге; қарыздарды өтеу – 38 930,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0,0 мың теңге. 2. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте, облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін 1 959 730,0 мың теңге сомасында бюджеттік субвенцияның көлемі қарастырылғаны ескерілсін. 3. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте, аудандық бюджеттен, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін 178 913,0 мың теңге сомасында бюджеттік субвенцияның көлемі қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде: Қорғалжын ауылдық округінің 46 026,0 мың теңге; Сабынды ауылдық округінің 20 629,0 мың теңге; Қызылсай ауылдық округінің 19 153,0 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|