Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 12-5 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 12-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25874 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: 1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін: 1) кірістер – 532 598 983 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 40 489 467 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 3 488 971 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 18 000 мың теңге; трансферттер түсiмі – 488 602 545 мың теңге; 2) шығындар – 554 637 283 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – -9 707 836 мың теңге: бюджеттік кредиттер - 4 556 179 мың теңге: бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 264 015 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0; қаржы активтерін сатып алу – 0; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -12 330 464 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 12 330 464 мың теңге.» Көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 5 сәуірдегі № 15-5 шешімге қосымша
Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 12-5 шешіміне 1 қосымша
2022 жылға арналған облыстық бюджет
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|