«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 12 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17041 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды; 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|