«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 508 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін. 2. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т. Шерияздановқа жүктелсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 466 қаулысына 1-қосымша
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|