Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 971 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін оған белгіленген тәртіппен «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 3. Қоғам қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық және ғылыми негіздерін дамытуды айқындау. 4. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы: Қазақстан Республикасының геология саласындағы ғылыми мекемелерімен бірлесіп, геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, қорыту, жүйелеу және талдау; мыналар: геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізу; Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкін пайдалану арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету болып айқындалсын. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетімен бірлесіп: 1) қоғам жарғысының бекітілуін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|