Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін. 2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/179-V «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2496-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 20 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. «Түркістан облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте: 1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді; 4) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
мәслихатының 2018 жылғы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|