Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 2015 жылғы « » ___________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2015 жылғы « » ___________
Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|