Жаңаөзен қаласының тұрғын үйге мұқтаж және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарына Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларды бөлу Қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2020 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласының тұрғын үйге мұқтаж және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарына Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларды бөлу Қағидалары бекітілсін. 2. «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Н. Салимов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
2019 жылғы 26 тамыздағы № 189 қаулысына қосымша
Жаңаөзен қаласының тұрғын үйге мұқтаж және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарына Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларды бөлу Қағидалары 1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|