Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 32) тармақша алып тасталсын; 1) тармақшаның бесінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 46) тармақша алып тасталсын; 53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «53) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»; 1) тармақшаның сегізінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 57) тармақша алып тасталсын; 59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «59) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын: «59-1) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректер берудің нысандарын, көлемін және кезеңділігін әзірлейді және бекітеді;»; 72), 75), 111) және 123) тармақшалар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 223-1) және 223-2) тармақшалармен толықтырылсын: «223-1) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|