«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2021.25.02. берілген өзгерістермен)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және тізбеде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
ҚР Премьер-Министрінің 2021.25.02. № 39-ө өкімімен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 108-ө өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|