Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану саласындағы тексеру парағының бекіту туралы
ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
1983 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясының 1-бабына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 961-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141, 143-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 96 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 53 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімде 2011 жылғы 28 наурызда № 6844 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 28 сәуірде № 141 жарияланған) күші жойылды деп танылсын; 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|