«Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 473 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 69 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 473 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 69 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17787 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет – ресурсында орналастыруды; 3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс – шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|