Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы
Шағын және орта бизнесті қолдаудың толыққанды шаралар кешенін әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында: 1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы 2023 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министріне жүктелсін.
Премьер-Министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 72-ө өкіміне қосымша
Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, жетекші Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, жетекшінің орынбасары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісу бойынша) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|