Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлкеттік тіркеудін өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрлігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген
Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленген және сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі Комиссияның қызметін анықтайды. 2. Комиссияның негізгі міндеттері 1) сот сарапшысы біліктілігін беру; 2) мәжілістің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|