|
«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: преамбула мынадай редакцияда жазылсын: ««Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін (бұдан әрі - Әдістеме) осы бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күнінен кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|